Date of publication: 11.05.2020 13:50
Date of changing: 11.05.2020 13:52

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін ұсынуды еске салады.

Салық кодекстің 579-бабына сәйкес ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластау объектiсiнiң орналасқан жеріндегі салық органдарына декларация тапсырады.

Декларация салық органдарына:

1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;

2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша - салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.

Төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

Рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжаты алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей тапсырады.

Сонымен қатар, Салық кодекстің 206-бабының 2-тармағына сәйкес Салықтық есептілік салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес ұсынылатын құжаты болып табылады, онда салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтер қамтылады.

Салықтық есептiлiк салықтардың, бюджетке төленетiн төлемдердiң түрлерi, әлеуметтiк төлемдер бойынша салықтық декларацияларды, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөнiндегi декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті, жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімін қамтиды.

Салық кодекстің 208-бабының 9-тармағына сәйкес салық салу объектілері болмаған кезде бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептілік ұсынылмайды.

Сонымен бірге, салықтық есептілік тапсырмай қоршаған ортаға эмиссия фактілер анықталған кезде  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекспен ескерілген әкiмшiлiк жаза шаралары қолданады.

Сонымен бірге, 03.20.2020 жылғы № 126 Жарлыққа сәйкес есептілікті ұсыну мерзімдерін ескеру қажет.