Date of publication: 19.04.2016 16:47
Date of changing: 19.04.2016 16:47

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясы кеден қызметінің Ресей кеден Академиясына  (бұдан әрі-Академия) 2016/2017 оқу жылдарына түсуге алдын ала конкурстың жарияланғанын хабарлайды.

Күндізгі бөлімге  «Кеден ісі» (маманы), «Юриспруденция» (бакалавр), «Экономика» (бакалавр) мамандықтары бойынша Академияның келесі филиалдарында іріктеуді іске асырады:

Академия (Мәскеу облысы Люберцы қаласы);

В.Б. Бобков атындағы Санкт-Петербор филиалы;

Ростов филиалы.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азаматтары Академияға түсетін кезде:

- «Кеден ісі» (маманы) күндізгі және сырттай оқуға мынадай: орыс тілі, қоғамтану пәндер бойынша жазбаша тестілеу нысанында сынақтан және кәсіби бағыттағы дене шынықтыру бойынша қосымша сынақтан өтеді;

- «Юриспруденция» (бакалавр) даярлық бағыты бойынша күндізгі оқуға мынадай: орыс тілі, қоғамтану, тарих пәндері бойынша жазбаша тестілеу нысанында сынақтан өтеді;

- «Экономика» (бакалавр) даярлық бағыты бойынша күндізгі оқуға мынадай: орыс тілі, математика, қоғамтану пәндері бойынша жазбаша тестілеу нысанында сынатқан өтеді.

Оқу бағдарламасын толық көлемде жақсы меңгеру үшін талапкердің орыс тілін жақсы білуі Академияға оқуға түсу үшін қажетті шарт болып табылатындығы.

«Кеден ісі» кәсібі бойынша күндізгі нысан (5 жыл), «Экономика» және «Юриспруденция»  кәсібі бойынша- 4 жыл.

Академияға түсу сынақтарының бағдарламасы, сонымен қатар қабылдау ережелері туралы ақпарат  www.rta.customs.ru сайтында жарияланған.

         Алдын ала іріктеу конкурсына қатысуға тілек білдірген үміткерлер 2016 жылғы 29 сәуірге дейін жазбаша өтініштерін, жеке төл құжаттарының көшірмесін,мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесін және БҰТ нәтижесін, 2016 жылы бітіретін түлектерге- бірінші-үшінші тоқсанның үлгерімі туралы табельдің көшірмелерін shberdenova@mgd.kz немесе s.berdenova@kgd.gov.kz электронды мекен-жайға жіберулері қажет.

Барлық сұрақтармен Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі,10, телефон-70-98-50 мекен-жайға хабарласуға болады.