Date of publication: 12.04.2016 18:53
Date of changing: 15.04.2016 16:30

 

Изменения в Налоговом кодексе в призме Послания главы государства к народу Казахстана

 

 

Кызгаладк -2016 жыл – салык Елбасы Жолдауынан туындаған тың өзгерістер 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында елімізге алдағы екі жылда дағдарысты еңсеруге мүмкіндік беретін  негізгі бағыттарды айқындап берді.

Негізгі бағыттардың бірі – бюджеттік саясатты оңтайландыру. Мемлекеттік кіріс және шығыстардың  жүйесі қайта қарасытырылатын болады, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігі кеңейтіледі.Салықтық тәртіптер де оңтайландырылып,  тек қана үш деңгей қалады: жалпы жеке кәсіпкерлерге арналған патент, ШОБ және аграрлық секторға арналған арнайы салықтық тәртіп. Тиімсіз салықтық жеңілдіктер жойылады.

Салық саласының ашықтығы мен салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жалғасады. Осыған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуға жағымды жағдайлар жасау үшін және салықтық заңнаманы жетілдіру үшін Салықтық кодекске биылғы жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2016 жылдың 1 қаңтарынан салықтөлеушінің  кірісіне шағын және орта бизнес субъектісіне арналған  арнайы салықтық тәртіп қолданылғанда ҚР шекарасынан тыс жерлерде  алынған табысы  қоса кіреді. 2017 жылдан бастап, аталған салық төлеушінің санатынадғы салық төлеушілерге жеке кәсіпкерлік табыс салығы есептілігін, міндетті зейнетақы және әлеуметтік есептеулерді жалпыға ортақ  тәртіппен, яғни ай сайынғы төлемімен және тоқсан сайын сол бойынша салықтық есептілікті тапсыруды міндеттейтін норма енгізіледі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан жеке кәсіпкерлерден тіркеу үшін алынатын алым жойылды.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін жаңа салықтық есептілікпен  (Жалға беру келісімшартының реестрі )  қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жыл сайын   ұсынуға міндетті болады.

Салық кодексіне өзгерістер мен толықтурлар енгізілуіне байланысты өкілетті экономикалық операторларға кедендік іс туралы электронды шот-фактуралар беру міндеттілігі бекітілді. Бұл есепшоттармен жұмысты жеңілдетіп, ақша айналымына ықпал ететін болады.

Салық кодексінің 276-4 тармағына сәйкес Жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:  кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;

тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде алынбайды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке тұлғаларға салық салуға өзгерістер енгізілді. Салық кодексінің 156 бабына сәйкес жеке тұлғалардың кірісінен салық салынбайтын табыстар ретінде 75 есе ең төменгі жалақы көлемінде анықталып, одан аспайтын (2017 жылы 1 қаңтарда ол - ең төмен жалақы мөлшерінің 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайды)  бiр жылдағы кірістері, республикалық бюжет туралы заңда анықталған және қаржылық сәйкес жыл басталғанда ол тұлға: Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;  1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;    I, II, III топтардағы мүгедек;  мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.   Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 180-1 және 180-2 баптардың 1 тармағындағы 1), 2), 7) тармақшалардағы «меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығынан кем емес» сөзі алынып тасталды, сонымен қатар, аталған 180-1 және 180-2 баптардың 1 тармағындағы 1), 2), 7) тармақшалардағы мүлікті сатудағы кіріс меншік құқығында бір немесе бірнеше жылдан бері болуына байланысты    салық төлеуден босатылады. Сөйте тұра, 2017 жылғы міндеттілік бойынша

2017 мүліктік және кіріс декларациясында мұндай табыстың мөлшері көрсетілуі тиіс.

2017 жылдан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңымен жеке кәсіпкерлер  жүзеге асырғанда патент незігінде  арнайы салықтық тәртіп қолданылатын қызмет түрлерінің тізімі анықталды. Аталған заң бойынша салықты төмендетуге патент  қосымша құн есептеу жағдайында хронологиялық тексеруді жүргізу алынып тасталды.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Салық кодексінің  448 бабында анықталған шарттармен  70 пайыздық жеңілдетілген салықпен шаруа және фкермерлік шаруашылыққа арнайы салықтық тәртіп қолданылуға құқық берілген.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап декларациялау Заңы бойынша:

Фиксальды салық жойылды. Соған сәйкес жекелеген қызмет түрін жүзеге асыратын аталған салық төлеушіні тіркеуге алу жойылды (СК 574 бабы);

2)      Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды;

3)      Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыс; (СК 416 бап);

4)      Шағын бизнес өкілдеріне арнайы салық тәртібін қолдануға ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған дербес компьютерлерді, ойын алаңдарын, картаны, бильярд стодарын пайдаланғанда  тыйым салынады( СК 428 бабы).

Салық кодексінің 1 бабына сәйкес 2015 жылдың 1 шілдесінен жанаржағармайдың, алкогольдік сусындардың бөлшек және көтерме саудасын жүзеге асыратын салық төлеушелерді бақылау-кассалық машиналарды қолдануға міндеттеген  норма күшіне енген болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсандағы  Қаулысымен салықтөлеушілер беру және тіркеу қыметін іске асыратын  бақылау-кассалық аппаратын қолданатын қызмет түрлерінің тізімі ұлғайтылды. Аталған тізімге келесі қызметтер енді:

орманшаруашылығы, құрылыс материалдарының және сантехникалық құралдардың көтерме саудасы;

метал бұйымдарының, суқұбырларының және жылу құрылғыларының  көтерме саудасы;

компьютерлердің, бағдарламалық қаматамсыз етудің бөлшек саудасы;

аудио және бейне техниканың  бөлшек саудасы;

тұрмыстық электр бұйымдардың бөлшек саудасы;

жиһаз, жарықтандыру құрылғыларының және өзге  де тұрмыстық қажетті заттардың бөлшек саудасы;

мейманхана қызметі;

мейрамхана және азық-түлік тағамдарын жеткізу;

кинофильмдерді көрсету қызметі;

шаштараз және сән салондарының қызметі.

Бұдан бөлек, акциздерге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Салық кодексінің 42 бабы 3 тармағы. 2016 жылдың 1 қаңтарынан алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төлейді. Бұған дейін салық төлеушілер жыл сайын қаңтардың 20-на дейін  төлеуге міндетті болатын. 2016 жылдың 1 қаңтарынан арақ және ерекша арақ, күшті ликер-арақ өнімдеріне ең төменгі бекітілген бөлшек баға бір литріне 1380 теңге болып анықталды.

 

Қайрат ОРҚАШБАЕВ,

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер

департаменті басшысының орынбасары