Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
талап қою мерзіміне қатысты
«Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89 және 143 баптарының
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген нормаларын қолдануға қатысты туындаған мәселелерге байланысты оларды енгізгенге дейін пайда болган құқықтық қатынастарға қатысты төмендегіні түсініктемені жолдаймыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі –
ҚР ҰЭМ) 2019 жылғы 13 қаңтардағы № 19-3/661 түсіндірмесіне сәйкес кедендік органдардың талаптары бойынша талап қою мерзімі тауарларға декларацияны беру күніне қарамастан Кодекстің 89-баптағы жағдайларды есептемегенде үш жылды құрайды.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Кодекстің 89 және 143-баптарына сәйкес кедендік органдардың және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімін бес жылдан үш жылға өзгерту нормалары күшке енеді, бес жылды құрайтын ескіру мерзімі сақталатын Кеден кодексінің осы баптарында көрсетілген жағдайлар мен төлеушілердің санаттарын қоспағанда.
Жеке атап өтсек, Кодекстің 89 және 143-баптарына сәйкес төмендегі төлеушілер санаттарына кедендік органдар мен төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың мерзімдері бес жылды құрайды:
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық мониторингіне жататын;
- жер қойнауын пайдалану (отын-энергетикалық сектор) саласында қызмет ететін;
- уәкілетті экономикалық операторлар реестріне енгізілген.
Бұдан басқа, Кодекстің 89-бабына сәйкес кедендік органдардың және төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың мерзімі бес жылды құрайды, Кодекстің 89 және 143-баптарында көрсетілген төлеушілердің санаттарына қарамастан ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміме жатқылыған тауарларға қатысты:
Кодекстің 202-бабы 1-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылса;
Кодекстің 202-бабы 1-тармақтың 3-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға (мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы халықаралық шарттарға) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса.
Сондай-ақ, Кодекстің 143-бабына сәйкес таңдап алынған кедендік рәсімге сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар бойынша кеден органы төлеуге жататын кедендік төлемдерді, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды тауарлар кедендік бақылауда болатын мерзім ішінде осы баптың 2-тармағымен өзгеше бекітілмеген болса-тауарлардың кедендік бақылауда болу мерзімі аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде есептеуге немесе олардың сомаларын қайта қарауға құқылы.
Бұл ретте, Кодекс 143-бабының 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда:
1) кедендік бақылау жүргізу кезеңінде, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейін – талап қоюдың ескіру мерзімі осындай кедендік бақылау жүргізу, кеден органының арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегенге дейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылдаған шешімін орындау мерзіміне ұзартылады.
2) төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне және (немесе) уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасағанда – талап қоюдың ескіру мерзімі шағымды қарау және кеден органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешімін орындау мерзіміне, ал сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, сот талқылауын жүргізу және сот актісінің заңды күшіне ену мерзіміне ұзартылады.