
Қазыбек би атындағы мемлекеттік кірістер басқармасы электрондық саудамен айналысатын салық төлеушілер үшін арнайы жеңілдіктерді қолдану мүмкіндіктері туралы келесіні хабарлайды.
Тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін Салық кодексімен 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, интернет-сауданы қолдау мақсатында, корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылды.
Электронды сауда субъектілері осы жеңілдіктерді алу үшін мынадай шарттарды сақтауы тиіс:
– тауарларды сату бойынша мәмілелерді тіркеу электронды түрде жүзеге асырылады;
– тауарларға ақы төлеу қолма-қол төлемсіз жүзеге асырылады;
– сатып алушының (алушының) өз тауар жеткізу қызметінің болуы немесе жүк тасымалдау қызметімен, курьерлікпен және (немесе) пошта қызметімен айналысатын тұлғалармен шарттарының болуы.
Сонымен қатар, жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.
Салық кодексінің 88 бабындағы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес тауарлардың электронды саудасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.
Сонымен қатар қызметтің жекелеген түрлерін – тауарлардың электронды саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама негізінде орындалады. Бұл хабарлама салық органына қызметтің жекелеген түрінің жүзеге асырылуы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Салық кодексінің 28 бабының 2 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты тұрған жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.