Date of publication: 06.01.2020 17:16
Date of changing: 06.01.2020 17:17

Салық кодексінің 172-бабына сәйкес Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк бекеттер орнату арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.

       Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен, темекі бұйымдары – акциздік маркалармен таңбалануға жатады.

      Таңбалауды акцизделетiн тауарларды өндiрушiлер мен импорттаушылар, борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады.

      Мынадай алкоголь өнiмi – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекi бұйымдары акциздiк маркалармен:

      1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортталатын;

      2) бажсыз сауданың кедендiк рәсімімен орналастыруға арналған, бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетiн;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелудің (рұқсат берудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде жекелеген даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;

      4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;

      5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жөнелтетін) темекi мен темекi бұйымдары мiндеттi таңбалауға жатпайды.

 Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасу түріндегі айналымына тыйым салынады.