Date of publication: 26.12.2019 16:05
Date of changing: 26.12.2019 16:14

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде  2019 жылдың 25 желтоқсанында сағат 11.00-де республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын, «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізілді.

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы өткізілгенін естеріңізге саламыз.

Бұл ретте барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автомобиль ұтыс ойынына қатысатынын атап өтті.

Жеңімпаз Қарағанды облысының тұрғыны, kgd_mf_rk тікелей эфирінде жазды

Бұл акция азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып бағытталған.