Date of publication: 25.12.2019 15:58
Date of changing: 25.12.2019 15:58

Түзетулер бизнесті, жұмыс орындарын және салық салынатын базаны барынша сақтауды қамтамасыз етуге, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бизнесті сақтауға бағытталған өзгерістер ішінде банкроттық рәсімде бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылған. Банкроттық рәсімдерде жасалатын бітімгершілік келісімнің (112-4-б.) борышкерлер мен кредиторлар арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарттармен салыстырғанда, төлемдерді кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, жаңалау, борышты кешіру немесе борыштарды және т. б. шегеру туралы кейбір ерекшеліктері бар.

Банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісім жасасуға құқылы. Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді кредиторлар жиналысы қабылдайды. Ал бітімгершілік келісімнің өзін сот бекітеді. Сот бітімгершілік келісімді бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешекті (жалақы) өтегеннен кейін ғана бекіте алатынын атап өткен жөн. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүре отырып, біз контрагенттердің: біздің мүлігімізді немесе азаматтық жауапкершілігімізді сақтандырған сақтандыру компаниясының; жинақ салған банктің; акцияларын сатып алған қоғамның төлем қабілетсіздігімен үнемі бетпе-бет келуіміз мүмкін.

Банкроттық тек банкротқа тікелей кредиторларға ғана емес, мемлекетке де, қоғамның барлық мүшелеріне де үлкен зиян келтіреді. Сондықтан дәрменсіздіктің алдын алу жөніндегі іс-шараларды уақтылы және тиімді жүргізу, банкроттық рәсімдерін жүргізуге кредиторлардың белсенді қатысуы маңызды, бұл банкроттық туралы заңнаманы білмей мүмкін емес. Мемлекеттік кірістер департаменті оңалту және банкроттық туралы заңнама нормаларын тиісінше қолдану мақсатында тұрақты негізде түсіндіру сипатындағы іс-шаралар өткізеді. Нәтижесінде "Бон-Вояж" ЖК, "Тащанов М."ЖК банкроттық рәсімі шеңберінде 2 бітімгерлік келісім жасалды.

Аталған ЖК-нің банкроттық рәсімін жүргізу барысында кредиторлар мен борышкерлер арасында борышкерлердің бастамасы бойынша бітімгерлік келісімдер жасалды, соған сәйкес банкрот пен оның кредиторлары кредиторлық берешекті өтеу бөлігінде өзара тиімді ымыралы шешімге келді. Көрсетілген берешекті өтеу кестесінде көрсетілген, ол өзінің бітімгерлік келісімге міндетті қосымша болып табылады. ҚР "Оңалту және банкроттық туралы" Заңының 112-4 бабының 1 тармағының талаптарына сәйкес бітімгерлік келісімдер Қарағанды облысының МАЭС ұйғарымымен бекітілген. Сот актілерінің заңды күшіне енуі бойынша ҚР "Оңалту және банкроттық туралы" Заңының 112-5 бабы 1 тармағының талаптары негізінде "Бон-Вояж" ЖК, "Тащанов М." ЖК қатысты банкроттық рәсімі тоқтатылды. Қарағанды облысының МАЭС борышкерлерді банкрот деп тану туралы шешімі одан әрі орындалуға жатпайды. Қазіргі уақытта аталған ЖК өзінің Кәсіпкерлік қызметін жалғастыруда. Бизнес субъектілерін сақтау жөніндегі мақсатымызға қол жеткізілді.