Date of publication: 13.12.2019 18:05
Date of changing: 13.12.2019 18:06

Салтанатты шара «Шалқыма» концерт залында өтті. Құттықтау сөзінде Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Қайрат Мырзасалықұлы Оркашбаев Қарағанды ​​облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары мамандарының жоғары еңбекқорлығы мен кәсіпқойлығының арқасында салықтар, кедендік және басқа да міндетті төлемдер уақтылы және бюджетке толықтай төленетіндігін атап өтті. Департамент қызметкерлерін Қайрат Мурзасалықұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтап, жемісті және табысты жұмыс, денсаулық және өркендеу тіледі.

Президенттік мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Мұстафин С.Х. республикамыздың Тәуелсіздігінің орнауы туралы айтты және Департамент қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

Үздік қызметкерлер мерейтойлық медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу мерекелік концертпен аяқталды