Date of publication: 16.09.2019 18:01
Date of changing: 16.09.2019 18:01

Жеке тұлғалар үшін мүлік салығын, жер салығын төлеу 1 қазаннан кешіктірмей жүргізілетінін еске саламыз. Мерзімінде төленбеген салық сомасына өсімпұл есептеуді болдырмау үшін оларды уақтылы төлеуді ұмытпаңыз. Салықтарды барлық екінші деңгейдегі банктерде төлеуге болады. Комиссиялық сыйақыны төлемей "Қазпошта"АҚ бөлімшелерінде салықтарды төлеуге болады. Салықтарды дұрыс есептеу үшін түбіртектердегі ЖСН дұрыс жазылуына назар аудару қажет.

Мүлік салығын, жер салығын төлеу және есептеу бойынша туындаған барлық мәселелер бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша аудандық (қалалық) Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласыңыз.