Date of publication: 04.09.2019 14:55
Date of changing: 04.09.2019 14:59

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлығыне сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары).

Іс – шаралар жоспарының 2, 3 тармақтарымен қалалық және ауылдық жерлерде адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілу теңсіздігі мәселесін шешу бойынша сұрақтар әзірлеу туралы, сондай-ақ табыс деңгейі төмен тұлғаларға құқықтық көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша Президент әкімшілігіне ақпарат ұсыну көзделген.

Батыс еуропа елдерінде халықтың адвокаттық көмекпен қамтамасыз етілуінің сандық арақатынасы 1 адвокатқа 250 ден 1 мың адамды құрайды.

2018 жылдың 5 шілдесінде Елбасымен Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына қол қойылған.

Қабылданған Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) адвокат кәсібін қолжетімді етіп және мөлшері шамамен 800 000 теңге болған кіру жарналары Заңмен алып тасталды.

Бұл ретте Заң қабылданған кезден адвокаттық қауымдастық тек 500 адамға өскен, бұл Қазақстан тұрғындарын білікті заң көмегімен толық көлемде қамтымайды.

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 39 б. 2 т. 3 тармақшасына сәйкес, теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.   Сонымен жоғарыда аталған тұлғаларға тек Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтіп және адвокаттың лицензиясын алу қажет.

Жоғарыдағыны ескере отырып, қызметкерлерімен, сондай-ақ өзіңіздің ведомствоңыздың зейнеткерлерімен Қарағанды облыстық адвокаттар алқасына мүшелікке кіру және адвокаттық лицензияны алу тәртібі бойынша  түсіндіру жұмысын жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймын.

Нәтижесі туралы 2019 жылдың 02 қыркүйегіне дейін хабарлауды сұраймын.

Приложение : Памятка “Как стать адвокатом” на 3 листах.