Date of publication: 20.08.2019 18:28
Date of changing: 20.08.2019 18:29

Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы       1 қантардағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады