Салық кодексінің 137 бабына сәйкес деректерді талдау табыс етілген салық есептілігін салық төлеушілер (салық агенттері), алынған мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті адамдарының, сондай-ақ басқа да құжаттарды және (немесе) қызметі туралы мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) салық органдары жүзеге асырады,
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап талдаудың нәтижелері негізінде барлық салық төлеушілерді (салық агенттерін) олардың қызметін төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәрежесі санатына жатқызу және салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдану жолымен санаттарға бөлу енгізіледі.
Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағында көрсетілген критерийлерді қоспағанда, тәуекелдер дәрежесінің өлшемдері құпия ақпарат болып табылады.
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемдер бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №252 бұйрығымен бекітілген.
Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемдер:
* "Салық жүктемесі»
• "Бір қызметкерге орташа айлық жалақы»
* "Салық есептілігінде көрсетілетін шығыстар мен кірістер сомасы»
* "Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған тұлғалармен, оның ішінде таратылған, әрекетсіз, банкроттармен өзара есеп айырысуы бар салық төлеушілермен мәмілелер»
• "Бірнеше салық кезеңі ішінде залалдарды салық есептілігінде көрсету»
* "Бұрын ұсынылған салық есептілігіне өзгерістер мен толықтыруларды бірнеше рет енгізу»
* "Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар»
• "Арнайы салық режимдерін қолдануға құқық беретін Салық кодексінде белгіленген көрсеткіштердің шекті мәніне бірнеше рет жақындату»
• "Салық мониторингіне қатысу"
* " салық төлеушінің деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануы»
Балқаш қаласы бойынша МКБ