Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы заңына өзгерістер кіргізуіне байланысты, 2019 жылдыі 1 қаңтарынан бастап, Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылатынын мәлімдейді, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады:
"3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін."
Қарағанды қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы