Date of publication: 19.02.2019 08:58
Date of changing: 19.02.2019 08:59

Нұра ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiн қолдану шартындағы ең төменгі жалақы көрсеткіштері айлық есептік көрсеткіштеріне (АЕК) ауыстырылды.

Осылайша, Салық кодексінің 683-баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:

  • патент негізінде – айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;
  • оңайлатылған декларация негізінде – айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;
  • тіркелген шегерімді пайдаланумен – айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 687-баптың 2-тармағына сәйкес, егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша жұмыскерлердiң орташа айлық жалақысы айлық есептік көрсеткіштің дара кәсiпкерлерде – кемiнде 23 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 29 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салықтық кезең үшін есептелген салық сомасы жұмыскерлердiң орташа тiзiмдiк саны негiзге алына отырып, әрбiр жұмыскер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

Ал, Салық кодексінің 694-баптың 3-тармағына сәйкес, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті салық салынатын кірісті айқындау кезінде шегерімге жатқызылуға тиіс жұмыскердің кірістері бойынша жұмыс берушінің есепті салықтық кезеңде есепке жазылған шығыстарының 1 еселенген мөлшеріне азайтуға құқығы бар және көзделген азайтуды салық төлеуші, егер осындай салық төлеуші жұмыскерлерінiң есепті салықтық кезең үшін орташа айлық жалақысы айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерінен асқан жағдайда жүргізуге құқылы.