Хлебницын Александр Александрович 1968 жылы 25 шілде айында Торғай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Қарағанды педагогикалық институтын "Дене шынықтыру және өмір қауіпсіздігі негіздері" мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер органдарында 1994 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің пост-кедендік бақылау басқармасының көшпелі кедендік тексеру бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
Александр Александрович өзінің тамаша адам қасиеттерінің арқасында лайықты бедел мен құрметке ие болды. Александр Александрович туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.