Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 8-705-505-36-35 нөмірімен WhatsApp» мессенджері жұмыс жасайды.
Аталған нөмірден жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың салық төлеушілері болып тіркелгендігіне, бақылау-кассалық машинасын қолданбау жағдайлары мен чекті ұсынбауға қатысты шағымдар мен өтініштер қабылданады.
Сонымен қатар, осы 8-771-194-01-04 нөмір арқылы жеке тұлғалар жер, мүлік және көлік құралдары салықтарының есептелуі, төленуі және қарыздарына қатысты ақпараттарды ала алады.
Шағымдар мен өтініштерді жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9.00-ден 18-30 дейін жіберуге болады.
Мамандар жедел және толық жауап беруге ынталы.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті