Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, есеп-қисап патенттің құнын есептеуге арналған салықтық есептілік болып табылады.
Салық төлеуші патенттің құнын төлеуді есеп-қисап ұсынылғанға дейін жүргізеді.
Патент құны екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда төлем құжатының деректемелеріне сұрау салуда көрсетілген кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы электрондық нысанда ұсынылатын
есеп-қисапқа қоса беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі есеп-қисаппен бір мезгілде патент құнының төленгенін растайтын құжаттар ұсынылады.
Электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет»
веб-порталы арқылы табыс етілген есеп-қисапта дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын салықтар және әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу бойынша төлем құжаттарының деректемелерін көрсетеді.
Дара кәсіпкерлер есеп-қисапты табыс еткеннен кейін салық органы есеп-қисап ұсынылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді.
Патенттің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, патент негізіндегі арнаулы салық режимі бір салықтық кезең шегінде кемінде бір ай қолданылады.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін:
1) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы айында жаңадан тіркелген;
2) ағымдағы салықтық кезеңнің соңғы айында салықтық есептілікті табыс етудің тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан кем мерзім ішінде қолданады.
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру үшін осы Кодекстің 214-бабында айқындалған тәртіппен салықтық өтінішті тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.