
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп " ЭШФ " АЖ және "Виртуалды қойма" АЖ тақырыбы бойынша салық төлеушілермен семинар өткізді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары салық төлеушілерді электрондық шот-фактураларға және "Виртуалды қойма"АЖ қатысты жоспарланған өзгерістер туралы хабардар етті. Семинар барысында барлық қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.