Date of publication: 15.08.2018 16:57
Date of changing: 15.08.2018 16:59

Жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізген кезде құн өсімінен түсетін кіріс

Жеке тұлға мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс мынадай мүлікті өткізген кезде туындайды:

1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілері;

2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу болып табылатын, ҚР «Салық және бюджетке төленетін төлемдер туралы» Кодексінің 331-бабының  (әрі қарай салық кодексі) 1 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;

3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, ҚР «Салық және бюджетке төленетін төлемдер туралы» Кодексінің (әрі қарай салық кодексі) 331 – бабының 1- тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы, ҚР «Салық және бюджетке төленетін төлемдер туралы» Кодексінің 331 бабының 2, 3 тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаты бар жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;

 

5) Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық алтын;

 

6) Салық кодексінің  331 бабының 1-4 тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік;

 

7) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын, бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдары және тіркемелер;

8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

 

Бүгінгі күні жеке тұлғалармен оған қайтарымсыз берілген мүлікті сату туралы көптеген мәселелер туындайды. Енді осы мүліктің иесі белгілі бір сомаға сатқысы келеді.

Салық кодексінің  331 бабының 1-тармағының 1 – 7 тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады және соған сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды. Осылайша, жоғарыда айтылғандай, мүлік сатылымындағы құн өсімінен түсетін табыс жеке тұлға сатқан мүлік болып табылады.

Жеке тұлға Салық кодексінің  331 бабының 1 - тармағында көрсетілген, бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұрын  Салық Кодексінің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс айқындалған мүлікті өткізген жағдайда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұрын кіріске енгізілген құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

Яғни, егер осындай мүлікті алғаннан кейін ол бағаланған болса, онда бұл құн кірістерге енгізілген және салық төленген болса, тиісті декларацияда да көрсетілсе, онда осы мүлікті сатудан кейін құн өсімінен түскен кіріс жылжымайтын мүлікті сату бағасының (құнының) арасындағы оң айырма және бұрын табысқа кірген өтеусiз алынған мүлiктiң құны болады.

Жойкимбекова Зауреш Канатовна

Салық заңнамасы бойынша түсіндірме жұмыс бөлімінің басшысы