Мемлекеттік кірістер органдары сәт сапар және жайлы демалыс тілей отырып ескертеді:
ҚР Салық кодексіне 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енуіне байланысты мемлекеттік кірістер органдары салық берешегі болған жағдайда салық бұйрығын шығарады және сот шешімі шықпай бірден сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындауға жібереді (банк шоттарына, жылжитын және жылжымайтын мүлікке шектеу қоюға). Тәжірибе көрсеткендей борышкерге салық міндетін орындатқызатын ең тиімді шара ҚР аумағынан шығуға тыйым салу болып табылады.
Осыған байланысты кету күнінде күтпеген келеңсіздіктер орын алмас үшін алдын ала мүлік, жер, көлік салықтары бойынша берешектеріңізді өтеулеріңізді сұраймыз.
Борышкерлер тізімінен өзіңізді мемлекеттік кірістер комитетінің www. kgd.gov.kz сайтының «Салық берешектерінің жоқтығы (болуы) туралы мәлімет» бөлімінен, әділет Министрлігінің «Уақытша ҚР аумағынан шығуға тыйым салынған борышкерлер тізімі» сайтынан, немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп білуіңізге болады.
Осакаров ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы