Мүлік және жер салығы бойынша жеке тұлғалардың салық төлеу мерзімі 1 қазанан кешікпеуі тиістігін естеріңізге саламыз
Мерзімінде төленбеген салыққа айппұл салынбас үшін оны уақытылы төлеуді ұмытпаңыздар. Салықтарды барлық екінші деңгейлес банктерден төлеуге болады. Комиссиялық төлемсіз салықтарды «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінен төлеуге болады. Салықтар дұрыс аударылуы үшін түбіртектегі ИИН дұрыс жазылуына назар аударыңыздар.
Мүлік және жер салығына қатысты туындаған барлық сұрақтар бойынша салық төленетін нысан орналасқан, аудандық, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгініңіз.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі