
Жетім көрсең жебей жүр
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге арналған акция өткізді. Атап айтқанда, департамент қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі облыстық балалр үйіне барды (бұрынғы Н.Крупская атындағы Балалар үйі).
Бүгінгі таңда бұл балалар үйінң тәрбиеленушілері «Солнечный» сауықтыру лагерінде дем алуда. Департамент қызметкерлері балалрды қуанту үшін оларға сый-сияпат әкеліп, таза ауада футбол ойнады. Балалар үлкендер тарапынан жасалған мұндай сыйлыққа, ықыласқа дән риза болысты.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз-қызметі.