Date of publication: 28.07.2015 15:49
Date of changing: 28.07.2015 17:23

Баспасөз релизі

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің басымды бағыттарының бірі  заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл болып табылады.

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залы Алматы облысындағы Қапшағай су қойнауының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналасуы тиіс.

Осыған қарамастан, қаскүнемдер өздерінің жасырын казиноларын еліміздің басқа аймақтарында бірінен кейін бірі орналастырып келеді. Тек қана ағымдағы жылдың басынан бастап Экономикалық тергеу қызметі Қарағанды облысының аумағында 13 заңсыз ойын мекемелерінің қызметін тоқтатты.

Олардың бірқатарлары бойынша соттардың үкімдері заңды күштеріне енді.

 

Мысалға:

 

1.                  2015 жылғы 18 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі Балқаш қаласында Ағыбай батыр көшесі, 18 үй мекенжайы бойынша орналасқан ойын автоматтары залының қызметін тоқтатты. Жүргізілген іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 32 дана ойын автоматтары, сондай-ақ 100 800 теңге сомасында ақшалай қаражаттар алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында заңсыз ойын мекемесін ұйымдастырушы - 1988 ж.т. аз.К.В.Зинин екендігі анықталды, оған ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша тағылған айып бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру)Балқаш қалалық соты 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза белгіледі.

 

2. 2015 жылғы 11 наурызда Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі Теміртау қаласы, 7 ықшам аудан, 48/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан онлайн казиноның қызметін тоқтатты. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 10 дана жүйелік блок және 1 төлем терминалы заңсыз айналымнан алынды. Сотқа дейінгі тергеу барысында жасырын онлайн казиноны ұйымдастырушы К.К.Ибраев екендігі анықталды, оған ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша тағылған айып бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) Теміртау қалалық соты 1 жылдқ мерзімге бостандығын шектеу түрінде жаза белгіледі.

 

3.                  2015 жылғы 8 мамырда Департаменттің Экономикалық тергеу қызметіне Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров көшесі, 38 үй мекенжайы бойынша лотереялық қызмет деп жасырынған заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі жөнінде жедел ақпарат келіп түсті, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.

Департаменттің ЭТҚ қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында заңсыз қызметті тіркеу мақсатында мекеме операторы ақшалай ұтысты берген кезде жасырын тергеу амалдарын өткізді.

Оқиға орнын қарау барысында 14 ойын автоматы, 5 терминал және 4 жүйелік блок алынды.

Қылмыстық істі тергеу барысында осы онлайн-казиноны ұйымдастырушы анықталды, ол – Р.Е.Калимжанов, оған ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылды (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру). Соңғыдан кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісім жасау туралы өтінім түсті.

Р.Е.Калимжановқа Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен мүлігін тәркілей отырып 1000 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауға алынған, қазіргі уақытта Департаменттің өндірісінде ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігі бойынша осы санатта 10 қылмыстық іс бар.

Сонымен, өткен кезеңде:

-          2 ойын автоматтары залының;

-          6 онлайн-казино залының;

-          лотереялық терминалдар жолымен 5 ойын бизнесі ұйымының қызметі тоқтатылды.

Заңсыз айналымнан:

-          1 электрондық рулетка;

-          41 ойын автоматы;

-          44 жүйелік блок;

-          1 төлем терминалы;

-          18 лотерялық терминал алынды.

 

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа нормаларына сәйкес тексеріс жүргізу сәтіне заңсыз ойын мекемесінде тұрған ойыншылар әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады, ҚР ӘҚБтК 444-бабына сәйкес осындай құқық бұзушылық үшін жаза 200 АЕК-ті құрайды, осыған байланысты экономикалық тергеу қызметі ҚР ӘҚБтК 444-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 10 тұлғаға қатысты материалдарды Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер департаментіне жолдады.