Date of publication: 16.07.2015 16:27
Date of changing: 16.07.2015 16:29

 

Салық органдарында

Күмәні мен күдігін сейілтеді

 

Болмашы ғана кәсібін енді ғана бастағандардың өзі бір демде түрлі мәселелерге кезігіп жататыны жасырын емес. Соның бәрі іс жүргізу тетігін, оның ішінде, салық салу саласына қатысты білімнің жетіспеушілігінен болады.

Міне, сондықтан да, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілер арасындағы түсіндіру жұмыстарын мақсатты негізде жүргізуде. Аталған игі шарамен қала базарларындағы жеке кәсіпкерлер де қамтылған.  

-Салық қызметінің мамандары қала базарларындағы кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібі, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өту шарттары, алғаш рет тіркелген жеке кәсіпкер үшін қандай салық режимі тиімді болатыны, салықтың төлену жүйесі, салықтық есептердің ұсынылуы және басқа осытектес мәселелер туралы әңгімелеп, олардың тарапынан туындаған сауалдарға тиянақты жауап беруден еш жалыққан емес, - дейді департаменттің салықтық заңнама бөлімінің басшысы Зәуреш Жойқымбекова.

Аталған іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың сенімділігін нығайтуға және өз ісін ашу кезіндегі күмәні мен күдігінің сейілуіне тікелей әрі жағымды әсер етеді.

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.