Қымбатты салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 27 сәуіріндегі «Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік кіріс органдары көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» №284 бұйрығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz және Комитеттің www.kgd.gov.kz веб-порталдарында орналастырылған.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 5 маусым, 2015 жылы №11273 болып тіркеліп, мерзімді баспа басылымдарында және 2015 жылғы 25 маусымда ресми түрде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енеді.
Қарағанды облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.