Date of publication: 03.07.2015 14:47
Date of changing: 07.07.2015 16:17

 

Ел және Елбасы

Ақ пейілдің айғағы

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Астана күні қарсаңында Елорданың ел өміріндегі маңызды орны мен оның әлем жұртшылығы сүйсінердей еңселі қалыпқа енуіне Елбасының сіңірген еңбегі әңгіме өзегіне айналған алқалы жиын өтті.

Аталған тақырыпқа қатысты «Қаржы полициясы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Андрей Пахно тартымды баяндама жасады. Ол Астананың ұлт мақтанышына айналғанын атап өтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңестік кезеңнен кейінгі дағдарысты еңсерудегі өлшеусіз қызметін дәйекті негізде тілге тиек етті.

Ұлт Көшбасшысының тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бергі кезеңде атқарған ауқымды істері – астананың көшірілуі, Семейдің іргесінде ядролық сынақ өткізуге түбегейлі тосқауыл қойылуы, әлеуметтік-экономикалық саладағы нәтижелі реформалар  хақындағы ой-тұжырымдар ортаға орнықты салынды.

Ел Президентінің өмірдегі және саясаттағы жолы Отанға, туған елге кіршіксіз қызмет етудің ғажайып үлгісі. Барша қазақстандықтардың Елбасына деген ыстық ықыласы мен селкеусіз сүйіспеншілігі – олардың ақ пейілді алғыс сезімдерінің айғағы. Жиын барысында осы ерекшелікке екпін түсіріліп, айрықша мән берілді.

 

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.