Date of publication: 31.12.2025 11:21
Date of changing: 31.12.2025 11:23

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады

ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері»  акциясын іске қосады.

Өткізу мерзімі:

2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым

Кімдерге арналған:

Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне

Қандай көмек көрсетіледі:

Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:

 • бухгалтерлік есеп;

 • салықтық есептілік;

 • ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.

Жұмыс форматы:

Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.

⏰ Кеңес беру кестесі:

▪ 2026 жылғы қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00–13:00

▪ 2026 жылғы наурыздан бастап — аптасына 2 рет

Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» арнайы тақтайшаларымен белгіленеді.

Кеңес берушілер:

 • кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;

 • бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;

 • заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.

География:

 • Астана, Алматы және Шымкент қалаларында — жеке кеңес беру алаңдары (мүмкіндікке қарай қаланың барлық аудандарында);

 • өңірлерде — аудандық деңгейде, қажет болған жағдайда мамандардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылады.

Қосымша мүмкіндіктер:

 • бейнекеңестер мен телефон арқылы байланыс;

 • ресми ресурстар арқылы онлайн кеңес беру;

 • вебинарлар (онлайн және офлайн);

 • есептілік кезеңдерінде тақырыптық кеңес беру сессиялары.

Сонымен қатар, заңнама нормаларын қарапайым тілмен түсіндіретін және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттер дайындалады, Call-орталыққа арналған материалдар жаңартылып, SalykBot Telegram-арнасы ақпаратпен толықтырылады.

«Халық бухгалтері» акциясы — салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.

Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады.