Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Жекелеген қызмет түрлері тізбесіне мыналар кіреді: бензин, дизель отыны, газохол және басқа да мұнай өнімдерін өндіру; осы өнімдерді көтерме
және (немесе) бөлшек саудада өткізу; этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру; алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу; ойын бизнесі; акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинактау); тауарлармен электрондык сауда жасау.
Салық органы тіркеуді 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:
- хабарламаны тапсырған күннен бастап;
- немесе «elicense.kz» жүйесінен мәліметтер алынған күннен бастап.
Хабарламалар электрондық немесе қағаз түрінде жіберіледі (ҚР ҰЭМ, 2015 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығы).
2025 жылғы сәуірден бастап СӘИЖ және «elicense.kz» жүйелері интеграцияланған, бұл деректер алмасуды автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Интеграцияда мекенжай тіркелімі коды (МТК) пайдаланылады.
Егер нысан бойынша МТК жок болса, оны:
- сәулет және қала кұрылысы бөлімінен алуга;
- немeсе «eGov.kz» порталы арқылы онлайн рәсімдеуге болады.
Сонымен қатар, мекенжайды нақтылау немесе жаңа код беру қызметі де колжетімді https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir




























