Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қарағанды облысының аумағында арнайы экономикалық аумақты (АЭА) құру және қызмет етуі
Арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі-АЭА) - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың ерекше құқықтық режимін қолданылатын нақты белгіленген шакаралары бар Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
АЭА шекарасы Қазақстан Республикасы Президентінің анайы экономикалық аймақты құру туралы актісіне сәйкес аңықталады.
Қазақстанда АЭА құру сыртқы байланыстарды жандандыруға, өнірдің, технологиялардың және заманауи менеджменттің дамуын жеделдетуге, экономика секторларына қолдау көрсетуге және әлеуметтік мәселелерді шешуге, тікелей шетелдік инвесторларды тартуға, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға, заманауи жоғары технологиялық өнірістердің дамуын жеделдетуге, көлік инфрақұрылымын және туризмді дамытуға, жұмыс орындарын құруға және АЭА құруға бағытталған құжаттардағы өзге де мақсаттарға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы №181 Жарлығымен «Сарыарқа арнайы экономикалық аймағы» 01.12.2036 жылға дейінгі мерзімге құрылды.
АЭА Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданының көршілес жерлерінде орналасқан. АЭА аумағы 595,01 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасының құрамдас бөлігі болып табылады. АЭА құрамына «Металлургия-металлөндеу» Индустриалдық паркі ауданы 534,9 гектар және №1 «Кремний алқабы» қосалқы аймағы ауданы 60,11 гектар кіреді.
Сарыарқа АЭА құру мақсаты: металлургиялық өндірістін және металлөндеу саласының дамуы, оның ішінде әлемдік сауда маркаларын өндірушілерді тарта отырып дайын өнімдер өндірісін жүргізу.
Кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА шекаралары кедендік бақылау жүргізу мақсатында АЭА аумағының периметрі бойынша арнай қоршаулармен жайластырылған және орнатылған.
АЭА аумағында еркін кедендік аймақ кеден ресіміне орналастырылған тауарлар, сонымен қатар еркін кедендік аймақ кеден ресіміне орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзгеде кедендік ресімдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылады және қолданылады.
Осыған орай ҚР ҚМ КБК Төрағасының 2012 жылығы 20 маусымдағы №СШ-14 Бұйрығымен «Сарыарқа АЭА» кеден бекеті құрылған болатын.