Date of publication: 30.05.2025 14:55
Date of changing: 30.05.2025 14:56

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функцияларының бірі –Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелерін және Әдеп кодексінің қолдану практикасына бағдарлай отырып түсіндіру кездесулерін өткізу болып табылады.

Осы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында, 28.05.2025 жылы Қарағанды облысы бойынша МКД ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілдері: Стратегия, персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы департаментінің директоры Қ.К. ОРУНХАНОВ, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Б. АРЫСТАНБЕКОВА және Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Т. АҚБАЕВ жұмыс іссапарымен келіп Қарағанды облысының Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, уәкілдер жұмыс іссапармен Бұқар жырау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына барып қайтты. 

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары бойынша, оның ішінде әкімшілік ресурстарды пайдалануға тыйым салу, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, қызметтік тәртіпті, іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау бөлігінде түсініктемелер берілді. Бұдан басқа, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету, лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу және бонустар төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.