Бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша жадынама
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысу үлгілері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді есепке алу және немесе беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын БКМ міндетті түрде пайдалан отырып жүзеге асырылуға тиіс.
БКМ-ның қандай түрлерін қолдану қажет:
§ деректерді жазу және (немесе) беру финкциясы бар БКМ;
§ онлайн касса (мысалы, re:Kassa);
§ деректерді беру функциясы жоқ БКМ (қызметі телеоммуникация желісі жоқ аумақтарда орналасқан кәсіпкерлер үшін).
БКМ тізілімі келесі сілтеме арқылы қол жетімді:
https://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1
БКМ есепке қою үшін не істеу қажет
«Бақылау-касса машиналарын тіркеу және есептен шығару мемлекеттік қызметін пайдаланыңыз.
Мемлекеттік кірістер органдары қызметті екі жолмен көрсетеді:
1) деректерді есепке алу және (немесе) беру функциясы жоқ БКМ үшін қағаз тәсілмен;
2) деректерді есепке алу және (немесе) беру функциясы бар БКМ үшін электрондық түрде;
ҚР ӘҚБК 284 бабына сәйкес БКМ пайдаланбағаны және БКМ түбіртегін бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген!!!
БКМ қолданбағаны үшін жауапкершілік:
1 бірінші рет – ескерту;
2 бір жылдың ішінде қайталап бұзған жағдайда – айыппұл:
· жеке нотариустар, сот орындаушылар, шағын кәсіпкерлік субьектілер бойынша –
15 АЕК (58 980 теңге);
· орта кәсіпкерлік субьектілер бойынша – 30 АЕК (117 960 теңге);
· үлкен кәсіпкерлік субьектілер бойынша – 50 АЕК (196 600 теңге).
БКМ түбіртегін бермегені үшін жауапкершілік:
1 бірінші рет – ескерту;
2 при повторном нарушении в течение года – штраф:
· жеке нотариустар, сот орындаушылар, шағын кәсіпкерлік субьектілер бойынша –
20 АЕК (78 640 теңге);
· орта кәсіпкерлік субьектілер бойынша – 30 АЕК (117 960 теңге);
· үлкен кәсіпкерлік субьектілер бойынша – 40 АЕК (157 280 теңге).
Туындаған сұрақтар бойынша Департаменттің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласу қажет.
МКБ атауы |
Байланыс нөмерлері |
Қазыбек би ауданы атындағы МКБ |
87212433492 |
Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша МКБ |
87007338317 |
Абай ауданы бойынша МКБ |
87015419097 |
Саран қаласы бойынша МКБ |
87213776809 |
Теміртау қаласы бойынша МКБ |
87025973558 |
Қарқаралы ауданы бойынша МКБ |
87782993585 |
Нұра ауданы бойынша МКБ |
87075781567 |
Осакаровка ауданы бойынша МКБ |
87781743794 |
Бұқар-Жырау ауданы бойынша МКБ |
87787101926 |
Шахтинск қаласы бойынша МКБ |
87074060226 |
Ақтоғай ауданы бойынша МКБ |
87103721270 |
Шет ауданы бойынша МКБ |
87057181311 |
Балқаш қаласы бойынша МКБ |
87103647107 |
Приозерск қаласы бойынша МКБ |
87059890915 |
Қарағанды облысы бойынша МКД сенім телефоны:
8 (7212) 51-31-53
Интернет-ресурс:
МКД аккаунттары:
https://www.facebook.com/DGD3001
https://www.facebook.com/Karaganda_mkd
https://x.com/2017dgd
Telegram канал