Date of publication: 30.01.2025 09:21
Date of changing: 30.01.2025 09:21

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 275 бабына сәйкес Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы - жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.

       Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

          Жоғарыдағы айтылғанға байланысты айыппұл санкцияларын есептеуді болдырмау үшін қолданыстағы салық заңнамасына сәйкс салық міндеттемелерін толық көлемде орындауды сұрайды.