Date of publication: 17.01.2025 15:50
Date of changing: 17.01.2025 15:50

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

2024 жылғы 01 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде (2024 жылғы 12 ай) Қарағанды облысының мемлекеттік кірістер органдарымен 1 016 590 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде ең көп бөлігі 1 011 465 қызмет немесе 99,5% "электрондық үкімет" порталы және ведомстволық портал арқылы ұсынылған электрондық өтініштер бойынша, 4 707 қызмет немесе 0,4% өтініштер қағаз жеткізгіште көрсетілген, 418 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы балама негізде көрсетілді.

2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсетілген қызметтердің жалпы саны 27 000 қызметке немесе 2,6% - ға төмендеді.

Төмендеудің негізгі себебі: "Бюджетпен, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру" және "Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсыну" бұрын талап етілген көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау.

            Жалпы сандағы электрондық қызметтердің үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде қалды: 2023 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш 99,5%-ды құрады (жалпы 1 043 590 қызметтің 1 038 653 электронды түрде көрсетілді).

Семинар-кеңестер, "дөңгелек үстелдер", брифингтер, конференциялар, БАҚ-тағы жарияланымдар мен хабарландырулар түрінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 3311 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен 151 007 адам қамтылды.

"Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2024 жылғы 11 айда көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық қызметтердің үлес салмағының көрсеткіші 99,6% - құрады (жалпы 789 674 қызметтің 786 701 электронды түрде көрсетілді).