Date of publication: 18.10.2024 11:11
Date of changing: 18.10.2024 11:12

Тауарлардың сипаты мен санына, сондай-ақ жеке тұлғалар жеткізіп салушысы бар және жоқ жолжүкпен Кеден одағының кедендік аумағына әкелетін тауарлардың өткізу жиілігіне қарай жеке пайдалануға арналған тауарларға мыналар жатады, егер:

  • олардың саны келесі көрсеткіштерден аспайды: - ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін жүннен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) - бір адамға бір атаудағы, өлшемдегі және үлгідегі бір зат; - ұялы телефон - бір адамға екі бірлік; - планшет - бір адамға екі бірлік; - тасымалды ықшам компьютер және оның жабдықтары (ноутбук, нэтбук) - бір адамға бір бірлік; - зергерлік бұйымдар - бір адамға бес зат; - велосипед - бір адамға бір дана; - бесік арба - бір адамға бір дана;

  • жеке тұлғаның Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кесіп өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына бір реттен аспайды.

Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына бір бірліктен асатын болса, кәсіпкерлік қызметке арналған деп қаралады.

 

Көрсеткіштер пайдаланылған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген тасымалдау нормалары тек жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылғанына назар аударамыз.

Жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмаған және оларды кәсіпкерлік қызметте пайдалану мақсатында әкелінетін тауарларға қатысты жоғарыда көрсетілген тасымалдау нормалары қолданылмайды.

Мұндай тауарлар жалпыға белгіленген тәртіппен ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілуге жатады.