Date of publication: 03.10.2024 10:38
Date of changing: 03.10.2024 10:38

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҚМ МКК-нің 2024 жылғы 11 қыркүиектегі № 619 бұйрығымен ЭШФ АЖ-ға ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзіндісі бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды:

  • тауар кодтарын ерікті қолдану (GTIN немесе басқалары);

  • 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу;

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде);

  • ТІЖ бланкісін оңтайландыру: К, К1,К2, К3, К4 кіші бөлімдерінен тұратын К бөлімі жаңа бөлімге ауыстырылды (29 бағанға қысқартылды).

Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.