Date of publication: 18.09.2024 12:41
Date of changing: 18.09.2024 12:42

Қарағанды облысы бойыншы мемлекеттік кірістер департаменті фискалдық деректер операторымен бірлесіп бақылау-касса машиналарының фискалдық чектерін беруді ынталандыру бойынша “Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал” акциясының өткізілетінін хабарлайды, акцияның өткізу кезеңі 2024 жылғы 4 қыркүйектен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін. 

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез-келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфондар, оның ішінде бас жүлде iPhone 15 Pro ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады.

Акцияны өткізудің жалпы мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады. 

Акцияға қатысу шарттары:

  • Amian қолданбасын жүктеу;

  • Тіркелу;

  • Қолданба арқылы чектерді сканерлеу.

  Ұтыс ойынына 01.09.2024-дан бастап жылдың соңына дейін берілген барлық чектер қатысады және жыл соңына дейін әр дүйсенбі сайын смартфондар, ал әр айдың соңында бас жүлде - iPhone 15 Pro ойнатылады. Жеңімпаздарды RANDOM.ORG сайттың көмегімен әр дүйсенбі сайын сағат 17:00-де  @amianapp Instagram-аккаунтында тікелей эфирде таңдайды.