
-5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға тыйым салу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа); -7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
-банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.
Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу жөніндегі берекшектер есептен шығарылмайды.
«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет e-Gov.kz электрондық үкімет порталында және e-Salyq Azamat, eGov Mobile мобильді қосымшаларында не қағаз жеткізгіште Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесі арқылы қолжетімді.
Қарағанды облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті