
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша өзгерістер
2022 жылдан бастап қоршаған ортаға теріс әсер (шығарындылар) үшін төлеу міндеттемесі өзгерді.
Салық кодексінің 574-бабының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалатын I, II және III санаттағы объектілердің операторлары алым төлеушілер болып табылады.
Қолданыстағы объектілерді белгілі бір санатқа (I, II, III, IV) жатқызу үшін салық төлеуші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш жіберуі қажет.
IV санатқа жатқызылған объектілер, сондай-ақ нормалауға және санаттарға жатқызылуға жатпайтын объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Міндеттеме болмаған кезде алымдар бойынша декларациялар табыс етілген жағдайда қосымша декларациялар беру жолымен салық салу объектілерін түзету және артық төленген сома болған жағдайда қайтару туралы салықтық өтініш беру болады.