Date of publication: 21.04.2015 09:37
Date of changing: 28.04.2015 16:41

Акция «Түбіртекті талап етіп – жүлдені ұтып алыңыз!»

            «Түбіртекті талап етіп – жүлдені ұтып алыңыз!» акциясы (әрі қарай – акция) Қазақстан Республикасы ауымағында 2015 жылғы 1 сәуір мен 30 қараша аралығында Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті (әрі қарай – Комитет) өткізетін республикалық іс-шара болып табылады.

            Акция келесі мақсаттарды көздейді:

- азаматтық белсенділікті жоғарлату және тұрғындардың салықтық біліктіліктерін дамыту;

- тұрғындармен ақшалай есеп айырысу барысында бақылау-касса машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы туралы қоғамдық көзқарас қалыптастыру;

- тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқытық мәдениет тәрбиелеу;

- бақылау-касса машиналарын қолдану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен салықтөлеушілер мен жалпы жұртшылықты ақпараттандыру;

- бақылау-касса машиналарын қолдану жолымен Қазақстандық салықтөлеушілер арасында салық тәртібін күшейту арқылы бюджетке салық төлмедерінің түсімін арттыру;

- көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;

- кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру.

            Акцияға қатысушылар – акция өту кезеңінде алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің түбіртегін ұйымдастырушыларға ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары.

            Акцияны ұйымдастырушылар – Комитет және жергілікті мемлекеттік кірістер органдары.

Акция қатыса алмайды:

- мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері;

- бақылау-касса машиналары өз аттарына тіркелген түбіртектердің заңды және жеке тұлға иелері.

Қарағанды қаласында түбіртектерді ұтыс купондарына айырбастау орындары Бұқар жырау даңғылы, 50А мекенжайындағы «Абзал» СҮ және Космонавтов көшесі, 1 мекенжайындағы «Таир» СҮ орналасқан.

Акцияға қатысушы бақылау-касса машиналарының түбіртектеріне және қтысушылардың санына шектеу қойылмайды.

Сонымен қатар, бір ұтыс купоны бақылау-касса машиналарының 10 түбіртегіне айырбастала алады.

Бақылау-касса машиналарының түбіртегі акцияға 2015 жылғы 1 сәуір мен 30 қараша аралығында кез-келген айда бір-ақ рет қатысуға құқылы.

Акция үш кезең бойынша өткізіледі:

- алғашқы кезең аудандық деңгейде, яғни, қала аудандарында, сонымен қатар аудандар бойынша бөлінбеген қалаларда;

- екінші кезең второй облыс деңгейінде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

Акция жеңімпаздары көпшілік алдында ұтыс купондарын кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

            Бағалы сыйлықтар ұтысы Астана, Алматы қалаларының, облыстық мемлекеттер кірістер Департаменттерінің ұйымдастыруымен ай сайын өткізілетін болады.

            Басты сыйлықтың ұтысы Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайында қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің конференця залында өткізіледі.  

            Акция жеңімпаздары туралы ақпарат БАҚ және Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz ғаламторында орналастырылады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.