Date of publication: 30.03.2023 11:02
Date of changing: 30.03.2023 11:04

Темекі өнімдерінің айналымы ережелері туралы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Сонымен, темекі өнімдері және қыздырылған темекі өнімдері, электрондық темекіде қолдануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықтар акцизделетін тауарлар болып табылады және акциздерге жатады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап акциз ставкалары келесідей:

фильтрі бар, фильтрсіз темекі, темекі,сигарилла- 1000 дана үшін 15 900 теңге;

Сигарлар-750теңге/дана;

Түтіктік, шегу,шайнау,сору,иіскеу,кальян және т.б.тұтыну қаптамасына салынған және тұтынуға арналған темекі, никотині бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда-14 150 теңге/килограмм;

Қыздырылған темекі қосылған өнімдер (ысытылған темекі таяқшасы,темекі қосылған қыздырылған капсула және басқалар)-1000 дана үшін 11 130 теңге;

Картридждердегі,резервуарлардағы және басқа да қолдануға арналған ыдыстардағы электронды темекіде қолдануға арналған никотині бар сұйықтық -55 теңге/миллилитр суйықтыққа;

Сондай-ақ, Департамент 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдері соңғы тұтынушыға дейін импорттаушының темекі бұйымдарының қадағалануын қамтамасыз ететін сәйкестендіру құралдарымен ғана таңбаланатынын еске салады.

Сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) сәйкестендірілмейтін темекі өнімдерін өткізгені үшін жеке тұлғаларға- елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне- бір жүз елу,  орта кәсіпкерлік субъектілеріне- екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне- бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып айыппұл салынады.

Темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы реттеледі және 2023 жылға 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз темекіге, темекіге,сигариллаға және қыздырылған темекіден жасалған бұйымдарға 650 (алты жүз елу) теңге  мөлшерінде белгіленді.