
Цифрлық майнинг үшін төлем
01.01.2023 жылдан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) цифрлық майнинг үшін төлемді реттейтін 11-параграфқа (бұдан әрі - Майнинг) өзгерістер енгізілді.
Мәселен, есептеу операцияларын орындау және цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдар майинг үшін төлемақы төлеушілер болып табылады (Салық кодексінің 606-2 бабы).
Бұдан басқа, майнингті жүзеге асыратын тұлғалар салықтық есептілік нысанын (бұдан әрі - СЕН) 2023 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей ұсыну қажет болады.
Майнинг төлемі бойынша декларация СЕН 880.00 2022 жылға тапсыру қажет. Ал6 2023 жылы одан әрі ұсыну тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.
Декларация салық төлеушінің орналасқан жері (тіркелген жері) бойынша салық органына табыс етіледі. (Салық кодексінің 606-4 бабы).
Төлемақы төлеушілер бюджетке төлемақының ағымдағы сомаларын тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді (Салық кодексінің 606-5 бабы).
Майнинг үшін төлемақы төлеу Республикалық бюджетке Бюджеттік біліктілік кодына 105 317 жүргізіледі.
Төлемақы мөлшерлемесі тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына (бұдан әрі - кВт/сағ электр энергиясына) байланысты (Салық кодексінің 606-3 бабы). 1-квт/сағ бағасы деп тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында жасалған шартта және (немесе) қосылған құн салығын (ҚҚС) қоса алғанда, коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген төлем құжатында көрсетілген электр энергиясының құны түсініледі.