Date of publication: 07.11.2022 18:16
Date of changing: 07.11.2022 18:30

Қазақстан Республикасы 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірді. Қазақстанның ЕАЭО-ға мүшелігінің негізгі міндетемелері болып, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына төмендетілген мөлшерлемелер бойынша импортталған тауарлардың ағынынажол бермеу болып табылады.

Қол қойылған Бурабай хаттамасына(2015 жылғы 16 қазандағы) сәйкес Қазақстан өздеріне қатысты кедендік әкелу баждары неғұрлым төмен қолданылуы мүмкін тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды есепке алу жүйесін құру бойынша міндеттемелер алған.

Қазақстан Республикасынан тізілімдегі тауарлардың дұрыс қозғалуын бақылау мақсатында аумақтық мемлекеттік кірістер органының (бұдан әрі – МКО) мөрімен куәләндырылатын, сондай ақ кеден декларациясының көшірмесіменсүйемелденетін (бұрын үшінші елдерден ЕАЭО БКТ ставкалары бойынша әкелінген тауарларды өткізу кезінде), немесе шығу тегі туралы сертификаттар (Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды өткізу кезінде), немесе тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің көшірмесі (бұрын басқа мүше - мемлекеттерден әкелінген тауарларды өткізу кезінде)ЭШФ-ның қағаз көшірмесі рәсімделеді.
 

Сонымен қатар, электрондық шот фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) Тауарларға арналған жол жүру жүк құжаты (бұдан әрі – ТЖК) негізінде экспорттық ЭШФ жазып беру кезінде автоматты режимде қалыптасатын «Қадағалану паспорты» (бұдан әрі – Паспорт) модулі әзірленіп, жұмыс істейтінін хабарлаймыз (Тізілімдегі тауарлар бойынша). Аталған тетіктер кәсіпкерлік субъектілері үшін байқалмай фондық режимде жұмыс істейді және қосымша міндеттемелерді жүктемейтіндігін назарыңызға саламыз.

Модуль 4 дәліз бойынша құжаттарды дайындайды, олар: тауардың шығу түріне және оның тарихына байланысты жасыл, көк, сары және қызыл болып бөлінеді.

Паспорттың жасыл, көк және сары дәліздеріне түскендер жүйелік ЭЦҚ-ға қол қоя отырып, жүйе автоматты түрде куәландырады және экспорттық «ЭШФ АЖ куәландырылған» мәртебесін береді.

Қазіргі уақытта көрсетілген дәліздер бойынша қағаздағы ЭШФ куәландыруды МКО-ның қызметкерлері жеделдетілген тәртіппен жүзеге асыратынын айта өтуіміз қажет. Паспорттың қызыл дәлізіне түскендерді МКО-ның аумақтық қызметкерлері қолданыстағы тәртіп бойынша,  яғни ақпараттық жүйені қолданушыларға Паспорт бір күн ішінде куәландырады және қандай да бір қосымша әкімшілік бақылау шараларын қажет етпейтіндігін хабарлаймыз.

Паспортты қолдану келешекте қағазда (мөрлеу) куәландырудан бас тартуға мүмкіндік береді, себебі құжаттардағы мәліметтер электрондық түрде қолжетімді болады. ТІЖ мәліметтері негізінде ЭШФ Паспортын қалыптастыру куәландыру рәсімін жеңілдетеді және қағазбастылықты болдырмайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, экспортқа құжаттарды рәсімдеу тәртібін жеңілдету мақсатында ТІЖ рәсімдеу және олардың негізінде ЭШФ жазу ұсынылады.