Date of publication: 19.09.2022 15:04
Date of changing: 19.09.2022 15:05

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті мүлік салығын 2022 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге шақырады

 Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша есептелген сомалар туралы ақпарат SMS және PUSH-хабарламалар арқылы банктік қосымшаларды пайдаланушыларға жіберіледі.

         Мүлік салығының сомасын оны төлеу мерзімі басталғанға дейін дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде мемлекеттік кірістер Комитеті kgd.gov.kz сайтындағы "Алдағы төлемдер" сервисінен де және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасы білуге болады.

         Мүлік салығы заңнамада белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда салық берешегі туындайды.

         Хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң 1 еселенген АЕК-тен астам мөлшердегі салық берешегі кезінде салық органы салықтық бұйрық шығарады.

         Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

         Сонымен қатар, жеке сот орындаушылары берешек сомасына қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25% - на дейін өндіріп алады, шоттарға тыйым салудан туындаған қолайсыздықтар туралы айтпағанда.

        Мемлекет алдындағы салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырамыз.