Date of publication: 15.04.2015 10:48
Date of changing: 28.04.2015 16:15

Майдангерге құрмет – қастерлі парыз

 

Ортамызда есен-сау жүрген майдангерлер – бастарынан соғыс ауыртпалығын өткеріп, бейбіт күнді баянды етуге жан-жүрегімен пейілді болған, еңбекте ерен қалып танытқан жандар. Олар – көзі тірі шежіре, сондықтан, шынайы әрі әсерлі әңгіменің қазыналы қоймасы және қоғам тарапынан қалтқысыз сый-құрметке лайықты.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында осы жайтты ерекше ескерген Қарағанды облысы бо­йынша мемлекеттік кірістер депар­таментінің қызметкерлері соғыс ардагерлері – Сабырғали Күсенов, Боранкүл Бабашева, Николай Яковлев, Дәмелі Сейткуллина және Василий Шишкиннің шаңырақтарына арнайы барып, мерейтойлы жыл қуанышымен құттықтады.

Ардақты тұлғалардың ақ пе­­й­іл­ден туған алғысы мен батасын алып, өздері де оларға денсаулық, бақыт, жайлы тұрмыс пен ұзақ ғұмыр тіледі. Кіршіксіз көңілмен сый-сияпаттарын ұсынды.

Сөз орайы келгенде, мемле­кет­тік кіріс департаментінің қызмет­керлері ізгі ниеттен бастау алған ілкімді шараны әлі де жалғастыруға мүдделі екендігін айта кеткен жөн.

Иә, әр кезеңнің өз естелігі бар... Біздің сұрапыл соғыс сойқанын ұмытуға хақымыз жоқ! Біздің бүгінгі бақытты ғұмырымыз үшін от-жа­лынға түсіп, кеудесін оққа тосқан жауынгерлер ерлігін үнемі ескеруге, ұмытпай есте ұстауға міндеттіміз.

Ата-әкелеріміздің батылдығы мен батырлығын өшпес аңызға айналдырып, өзімізден кейінгі ұр­пақтың санасына сіңіру – қастерлі парыз, қасиетті борыш!

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.