
«Кедендік тазарту» мемлекеттік қызметін алу алгоритмі
1.Декларант өз бетінше немесе кеден өкілдері арқылы тауарларға арналған декларацияның электрондық көшірмесін - көрсетілетін қызметті берушінің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қалыптастырады;
2. Тауарларға декларация беру(ТД): автоматтандырылған бақылау негізінде жүргізіледі, оған - СЭҚ ТН кодын тексеру, құны, жеңілдіктер беру, тыйымдар мен шектеулерді сақтау және т. б., тауарларға декларацияны тіркеу, тәуекелдерді басқару жүйесі бақылау (ТБЖ) кіреді;
3. ТБЖ негізіндегі дәліз- «Жасыл»- Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының қатысуынсыз автоматты түрде шығару;
«Сары», «көк», «қызыл» дәліз – тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес кедендік бақылау нысандарын тағайындау және жүргізу( Құжаттамалық бақылау, кедендік тексеру/қарау, кедендік сараптаманы тағайындау, жеңілдіктер мен преференциялар беру, тыйым салулар мен шектеулер бойынша нормаларды сақтау және басқалар);
4. Кедендік төлемдер мен салықтарды тексеру-Сыртқы экономикалық қызметке қатысушның дербес шоты;
5. ТБЖ ұсынымдарына сәйкес бақылау нысандары аяқталғаннан кейін ТД шығару;
6. УСҚ-дан тауарды алу (уақытша сақтау қоймасы).