Date of publication: 01.07.2022 09:23
Date of changing: 01.07.2022 09:26

Кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын адамдардың назарына

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде уақытша сақтау қоймалары, өз тауарларын сақтау қоймалары, еркін, кеден қоймалары иелерінің кедендік тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

2022 жылғы 18 шілдеден бастап  «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде  «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу», «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу басталады. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хбарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтар бойынша Қарағанды ​​облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру департаментінің келесі қызметкерлеріне:

-         Ахметов Багдат Кизатович 8 (7212) 21-75-80,

-         Копбаев Нурлан Сексенович 8 (7212) 21-75-80,

-         Акбиев Мурат Курмангазыевич 8 (7212) 21-71-65 хабарласыңыз.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 71828, 709911 o.toschevikova@kgd.gov.kz, az.zhakanov@kgd.gov.kz.