Date of publication: 21.06.2022 17:11
Date of changing: 21.06.2022 17:12

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кімдер кіреді?

            «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.

1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап
• жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
• «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.
Жоғарыда аталған тұлғалардың анықтамалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Одан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілген.
2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап
• Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары (зайыптары);
• квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары).
3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап
• заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары);
• дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары).
4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап
• азаматтардың қалған санаты