
Мобильдік аударымдар бойынша өлшемшарттар бекітілді
Карағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың мобильдік аударымдары бойынша өлшемшарттары ҚР Қаржы министрлігінің 2022 жылдың 29 наурыздағы №323 бұйрығымен әзірленгендігін және бекітілгендігін хабарлайды.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына келесі өлшемшарттар жатқызылды:
- бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 (үш) айдың әрқайсысының ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады.
Осы бұйрықпен банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осындай операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді.
Мемлекеттік кірістер органдары:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар бойынша тізімді қалыптастырады.
Бұл норма 2022 жылдың 15 сәуірінен бастап күшіне енеді.