Date of publication: 14.09.2016 17:10
Date of changing: 14.09.2016 17:12

Мүлікті жария ету

 

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Заңы мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі;

Мынадай мүлік:
      1) ақша;
      2) бағалы қағаздар;
      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі);
      4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
      5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
      6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) жария ету үшін келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда.

  4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі

      Ақшаны жария ету үшін Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот  ашады.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін жария ету субъектісі әкімшіліктегі комиссияға құжат ұсынады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету үшін жария ету субъектісі тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына құжаттар ұсынады.
         

Шахтинск қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы